logo
1-11 сыныптарға қабылдау

«Жақсылық жаса!» ұранымен қайырымдылық жәрмеңкесі

29 қазан 2022

Өмір үшін күрестің қиын жолынан өтіп жатқан Диас Қалымбетовты қолдау мақсатында 28 қазан күні мектебімізде «Жақсылық жаса!» ұранымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті Жәрмеңкеге мектептің 1-10 сынып аралығындағы барлық сыныптар қатысты. Жәрмеңкеге оқушылардың ата-аналары да белсене атсалысты!

Жәрмеңке басында бастауыш сынып оқушыларының мерекелік қойылымы өтті. 2 «А» және 2 «Б» оқушылары «Қандай керемет күз!» әнін орындады. 3 «Б» сынып оқушылары «Күз мезгілі» атты көрініс көрсетті. Ал 2 «А» сынып оқушылары мерекелік бағдарламаны «Күзгі вальс» биімен аяқтады.

Әрбір қатысушы өз бетінше, шығармашылық үйірмелерде, ата-аналарының көмегімен жасаған қолөнер бұйымдарын, сонымен қатар өздері әзірлеген тәтті-дәмді тағамдарды, ойыншықтарды және т.б. сатылымға ұсынды.

Жәрмеңкеден түскен қаржы Қалымбетов Диас қолдау қорына жіберіледі.

Жәрмеңкенің мақсаты – оқушылар, ата-аналар және ұстаздар ұжымын біріктіру.

Жәрмеңке-сатылымның мақсаты:

  • азаматтық пен әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру;
  • қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге атсалысу үшін оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер ұжымын тарту;
  • дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Кері қайту