logo
1-11 сыныптарға қабылдау

«25 қазан – Республика күні» тақырыбындағы сынып сағаты

31 қазан 2022

17-21 қазан аралығында Бакалавриат мектебінде Республика күніне арналған апталық өткізілді.

Балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, Мемлекеттік рәміздерді, ұлттық  және мемлекеттік мерекелерді құрметтеуге бала кезден тәрбиелеу өте маңызды.

18-19 қазан күндері Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында мектепте «25 қазан – Республика күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Іс-шараның мақсаты:

  • Оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту.
  • Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру.
  • Ел тарихына деген қызығушылықтарын дамыту.
  • Азаматтық, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Сынып сағатында мұғалімдер оқушыларға Отанымыздың тарихы туралы мол мағлұматтар берді. Әңгімелер слайдтармен де, бейнероликтермен де, тақырып бойынша презентациялармен де сүйемелденді. Оқушылар Қазақстан Республикасының құрылуы, Тәуелсіздік алуы, елорданың Астанаға көшуі сияқты маңызды оқиғалар жайлы ой бөлісіп, еліміздің көрікті жерлері жайлы да сөз қозғады. Сондай-ақ, оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтар қарастырылды.

Сынып сағаттарының алдына қойылған мақсаттар орындалды.

Бұл шара жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Республика күніне арналған сынып сағатында оқушылар тек презентация слайдтарын көріп, мұғалімнің сөзін тыңдап қана қоймай, тақтада жұмыс жасап, тапсырмаларды топтық жұмыста орындады.


Кері қайту