logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Байқаулар

24 қазан 2022

17-21 қазан аралығында Бакалавриат мектебінде Республика күніне арналған апталық өткізілді.

Бакалавриат мектебінде Республика күніне арналған мерекелік және ресми іс-шаралар өтті.

Республика күнін қарсы алу бағдарламасы аясында «Гүлдей бер, гүлдене бер, Қазақстаным менің» атты байқаулар өтті.

Мәселен, 19 қазанда орта және бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар өтті. Сайысқа 2-4 сыныптар, сонымен қатар 5-6 сыныптар қатысты.

Мақсаты: Балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Міндеттері:

Білім беру: Тарихи оқиғалар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

  • спорттық жарыстарға бірлесіп қатысу арқылы балалардың топтасуына, ұжымда жұмыс істеуіне  ықпал ету;
  • дене тәрбиесіне оң көзқарасын қалыптастыру
  • қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары арқылы қатысушылардың эмоционалды өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ету.

Дамытушылық: координация, күш, ептілік және жылдамдық дене қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке және өз Отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу  және сынып ұжымын бірлікке баулу

Өткізген: ДШ және АӘД оқытушылары Костоусов А.Н., Шимтемир Р.Д.


Кері қайту