logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Балаңыздың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын қалай арттыруға болады?

20 маусым 2022

Школы Алматы с английским уклоном

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.

Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігін және 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті.

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді.

Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады.

Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

  • Сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;
  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;
  • Сабақты ойын түрінде өткізу;
  • Сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

  1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
  2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
  3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.

Белгілі ғалым М.Ф. Стронин өзінің “Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар” кітабында ойындарды келесідей категорияларға бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және шығармашылық ойындар.

Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі.

Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Өзімізге белгілі жаңа технологияларды қолдануға көп үлес қосып жүрген зерттеуші ғалымдар қатарына У.С.Полат, Е.Н.Дмитреева, С.В.Новиков, Т.А. Помелова жатады. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге,ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Сондықтан ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты.

Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”. Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.

Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі кезенде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, саналы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.

Ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны –

Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру.

Окушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі. Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.

Ағылшын тілі сабақтарындағы бақылау өткізудің негізі – тестік бақылау. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. әрине, тест ең керек ақпаратты береді. Тест жасаудың өзіне тәжірибе, ғылым керек. Тестті жасайтын мамандардың тәжірибесі мол болуы шарт. Біздің ойымызша, тест - өте жақсы әдіс. Бірақ, бізге тестің түрлерін әлі де болса жетілдіру қажет. Еліміздегі тест жүйесін әлі де реттеу керек және болашақта әр деңгей бойынша әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін тест түрлерін дайындап, қазақ тілін оқушылардың білім дәрежесін көтеру керек.

Оқытудың коммуникативтік әдісінін енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған білуі мақсатында жүргізледі.

Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:

  1. Тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
  2. Сөйлеу тілі тесту көбіне ситуативтік тақыраптағы сұрақ-жауап тапсырмаларынан тұрады.

Ал тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады.

А) тест жүргізудің дайындық кезеңі
Ә) тест өткізу кезеңі
Б) тест тапсырмаласын қорытындылау, бағалау кезеңі

Лингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарды қорытып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі.

Оқу процесін, оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін еңгізу мәселелеріне байланысты. Бастауыш сыныптарда  жүргігізілетін мемлекеттердегі қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде лингводидактикалық тест тапсырмалары берілгені тиімді. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. Ашық, тұйық (жабық) сәйкестікті табу, қосымшалық тест, жұмбақтық тест, т.б.

Мысалы: тұйық тест (жабық) 1. Ашық буынды сөзге бес мысал келтіріңіз.

Сәйкестіктілік тестісі. Тапсырма екі бағанадағы бір-бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табу.

  • Зат есім 1. оқы 2. сын есім 2. үш
  • Сан есім 3. бал 4. есімдік 4. сонау
  • Етістік 5. қызыл

Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен.

Халықтық қағида: Жаман айтпай жақсы жоқ. Баланың танымдық мүмкіндіктерін арттыру барысында: жақсы мен жаманды, үлкен мен кішіні, және нақты мен жалпыны ажырата білуді меңгертуді бастайды. Сонымен зерттеу барысында оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау арқылы дамыту процесі барысында анықтағанымыз: танымдық мәдени іс-шаралар балалалардың жан-жақты дамуына бағытталған.

Оқушылардың танымдық белсенділігіне теориялық жағынан Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, Р.С.Омарованың басқа да арнаулы әдебиеттерге талдау жасалып төмендегідей қортындылар жасалды. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын кеңіген қолдану.Сонымен қатар оқушылардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдану.

Сонымен қатар мектеп оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде олардың танымдық белсенділігін арттырудың мынадай көрсеткіштері байқалды:

  • білім алуға және меңгеруге тырысу;
  • танымдық үрдісі мен танымдық іс-әрекетінің эмоционалдық көрінуі;
  • танымдық әрекеттің еркінің болуы;
  • бос уақытын пайдалана білу сипаты;
  • жаңаны білуге ұмтылысы;
  • мектепке деген жағымды қатынасы.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кірді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың өсу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады.

Оқытудың мақсаты мен оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың және қасиеттерін қалыптастыру.

Зерттеу барысында осындай қасиеттердің бірі танымдық қызғушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік және оқу-танымдық әрекет арқылы білімді тиімді игеру оқу-танымдық мақсаты болып табылды.

Бұл қасиеттер табылатынын оқушының белсенділігі мен байланысты таным процесінде негізінен көп кездеседі. Бұл жағдайда белсенділік мақсатқа жетудің жолы ретінде қарастырдық.

Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары болып табылады.

Сабақта олардың қызығушылығын тудыруда әр түрлі көрнекіліктерді қолдану, ойын әрекеті арқылы олардың танымдық белсенділігін арттырумызға болатыны белгілі болды. Ағылшын тілі сабағында әр түрлі технологиялар қолданылды.

Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.

Яғни, танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта – ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.

Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.

Негізгі іс түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі -өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады.

Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасты:

  1. Өз бетінше ойлану біліктері .
  2. Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
  3. Өз ойының дербестігі.
  4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі.

Осы іс-шаралар нәтижесінде туған ұсынысым:

  1. Танымдық іс-шараларды оқушылармен бірлесе отырып өткізу.
  2. Танымдық іс-шараларды оқушылардың жан-жақты дамуына бағыттау.
  3. Білімді жетілдіруде ұлттық дүниетаным жөнінде дәріс беру.
  4. Балалардың өздері ізденіс жүргізіп жатқан танымдық материалдарын тереңінен анықтап білу.
  5. Сабақта жаңа технологияларды кеңінен қолдану.

Қорыта айтсақ, жалпы қай халықты алсақ та ұрпағын, Отанын сүюге, еңбекке, дәстүр-салтын сақтауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырғанымыз жөн болады ойлаймыз.

Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері мектепте оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында сауаттылығын арттыруы сөзсіз.

Бұдан шығатын қорытынды мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, қызығушылығын оятуға септігін тигізетін жаңа технологияларды аппробациядан өткізіп, тиімдісін қолдану. Бұл тұжырымдаманың шарты болып табылады.

«Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлықпенен яқи алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша» деген данышпан Абайдың сөзі бар.

Көзі: begin-english.ru


Кері қайту