logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Сіздерді оқушыларымыздың концерттік бағдарламасына шақырамыз!

7 наурыз 2023

Құрметті Бакалавриат мектебінің қыз-келіншектері! Сіздерді оқушыларымыз дайындаған концерттік бағдарламасына шақырамыз!

7 наурыз сағат 11:00. Мәжіліс залы.

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелден ыстық от бар ма?
Әйел деп түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға.

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол - шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні - Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!


Баршаңызды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Құрметпен, мектептің шығармашылық ұжымы және оқушылары


Кері қайту