logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Бірінші сынып оқушысының мәселелері. Қалай көмектесуге болады?

24 қаңтар 2022

Набор в 1 класс в Алматы

Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет. 

Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады. 

Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді. 

Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады.

Физиологиялық бейімделу

Жаңа талаптармен жағдайларға үйрене келе бала ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:

  1. Алғашқы 2 – 3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады.
  2. Келесі бейімделу кезеңі - тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады.
  3. Бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.

Бірінші сынып оқушыларының физиологиялық бейімделудің қиындығын , көптеген ата – аналар мен мұғалімдер дұрыс бағаламауға бейім тұрады. Сонымен қатар, дәрігерлердің бақылауы бойынша 1 – тоқсанның соңында оқушылардың арықтауы, қан қысымының төмендеуі, ал басқаларында керісінше байқалады. Осы қиындықтардың туындауы балалардың үйдегі еркелігіне әкеп соғады.

Әлеуметтік – психологиялық бейімделу

6 – 7 жастағы бала мектепке барғанда жетілуіндегі ерекше кезеңнен өтеді. Бұрынғы бөбектің мәртебесі өзгеріп, жаңа әлеуметтік «оқушы» мәртебесіне ие болады. Баланың «мен» деген әлеуметтік мәртебесі пайда болды деп есептеуге болады.

1 сынып оқушыларының сырт келбетінің өзгеруі жеке тұлғаның өз бетінше білім алуы, құндылықтарды қайта бағалауымен ерешеленеді.
Бұрынғы мәнді маңыздылар екінші дәрежелік болады, ал оқуға деген көз қарас құнды бола бастайды.

Баланың 6-7 жас кезеңінде сезім саласында салмақты өзгерістер болады.

Бірінші сыныптар үшін аса маңызды:

  • баланы мектеп өміріне төселуге үйрету. Оқушының «ішкі көз қарасын» қалыптастыруда жаңа деңгейде ересектермен араласу қажеттілігі және танымдық қажеттілігі туындайды. Мектеп ережесіне сәйкес мектеп деген не, не үшін білім алу керегін баламен әңгімелесе отырып түсіндіру қажет. Бірінші сынып оқушысы үшін өзінің мектеп ортасына қабылданғанын сезіну өте маңызды. Мектепте жемісті оқу үшін өзінің күшіне, өзінің қабілетіне және мүмкіндігіне оқушы сенімді болуы керек. Өзінің оқушы атанғандығы туралы оң көз қараста болуы, оған өзгерген өмір жағдайына және оқушылық дәрежеге нық тұруына жақсы бейімделу мүмкіндігін береді, сондай – ақ мектепке деген жақсы сезімдік қатынас қалыптастырады.
  • оқушы күн тәртібін жасау. Мектеп күн тәртібін бірізділікпен құру.
  • баға туралы ұғымды түсіндіру, өзін - өзі бағалауды және әр-түрлі тәсілдердің дұрыстығын, ұқыптылығын, әдемілігі сияқты әдістерді баламен бірге қызығушылығын арттыра отыра, осының барлығына қол жеткізуге мүмкіндік туады.
  • балаға сұрақ қоюды үйрету.
  • балаға өз сезімімен қалай дұрыс жұмыс істеу керегін үйрету, өз сезімдерін басқару тәсілдерін дамытуды үйрету.
  • тәртіпке сай оқушы өзін ұстауы тиіс, назар қойып тыңдап және тапсырманы анық орындап, ауызша жұмыс істегенде және де көзбен көріп қабылдау бойынша бейнелеу. Бұған ереже бойынша ойындар және дидактикалық ойындар көмектеседі. Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді.
  • Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құралады, сондай-ақ Н.И. Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді.
  • араласу дағдысын дамыту.

Жайлы бейімделудің белгілері:

Біріншіден оқу барысында балаға қолайлы болуы керек. Өзіне сенімсіздік және қорқыныш сезімдері болмайды, мектеп барлық жағымен оған ұнайды.

Екіншіден бала жеңіл түрде берілген тапсырманы лезде орындауы тиіс. Егер мектеп қарапайым және дәстүрлі бағдарламада жүргенде, бала сабақ барысында қиындықтарға тап болған жағдайда, сынап мінемей, басқа балалармен салыстырмай қолдау көрсете білу керек. Балалар әр-түрлі болады.

Егер сабақ барысы қиын болған жағдайда және шет тілдерін қоса алып жүру балаға тым артық салмақ болады. Уақытында дұрыс жолға сала оң бағыт беру керек, бұлай болмаған күнде денсаулығы сыр беруі мүмкін. Мұндай жағдайларда, бала тереңдетілген сыныптан, қарапайым сыныпқа ауыстырса өзін қолайлы сезінетін болады.

Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап балаға күш беріп, қолдау көрсете білсе, бала қалыптаса бейімделіп кетеді.

Үшінші табысты бейімделудің белгісі – баланың өз бетінше жұмыс жасауы, тапсырманы аяқтап болған соң ғана ересектер көмегіне жүгінуі аса маңызды.

Ата-аналардың баланың орнына үй тапсырмасын жасайтын кездері болады, бұл қарама-қарсы әрекет, бұдан бала өзіне деген сенімсіздікті жоғалтады. Басынан баланың өзіне қарсы сұрақ қойып, ата-аналар көмектесуді азайтуы керек.

Ең бастысы бала өзінің қоршаған ортасына, яғни сыныптас достарына және ұзтазына бейімделуі.

Ата-аналардың балаларға сабақтан тыс көп қыдыратына, үйге кеш оралатына шағым айтады. Бір жағынана бұл көп достар табуға және қоршаған ортасын танып білуге көптеген көмегін тигізеді.

Мұғалімнің алдында оқушы өзін қалай ұстау керегін айтып түсіндіру керек.

Алғашқы ұзтаз – бұл оқушы және де отбасы үшін аса маңызды адамдардың бірі.

Басынан бастап бір-бірімен тығыз байланыс орнату, сіздің балаңыз үшін аса маңызды және де балаңыз сізді мақтан тұтатын болады!

Мұғалімнің айтқанымен келісіңіз, ата-аналармен мұғалімнің келісі болмаған жағдайда бала зардап шегеді. Әр бір мұғалім сізден қолдау күтеді, ешқашан сынап мінеуге асықпаңыз.

Көзі: cooperation.ru


Кері қайту