logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Ағылшын тілінде тыңдау сөйлеуді түсінуді жақсартады

10 қаңтар 2022

Частная школа английского языка в Алматы

Тыңдау – естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап — түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.

Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.

Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым — қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада  есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.

Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалымдар өте маңызды рөл атқарады. Тыңдалымдар ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді.

Тыңдап – түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан – жануарлар туралы қызықты әңгімелер т.б.   Ал жоғары сынып оқушыларына саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда ойлап табылып жатқан жоғарғы технология жаңалықтарымен (роботтар,ұялы сым тетіктер,компьютерлер) және детективтермен байланысты мәтіндер өте жоғары қызығушылықтарын тудырады. Сонымен қатар махаббат, достық туралы, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғат жайлы  мәтіндер қызығушылықпен тыңдалады.

Мектеп бітірушы сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдау туралы мәтіндер беру өте дұрыс шешім.

Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну  қабілетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған  ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелу керек маңызды мәселе. Сол себепті де шет тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге шет тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.

Тындап – түсінудің әдіс- тәсілдері:

Ағылшын тілін үйретудегі келесі - «Audio-Lingual method» (аудиолингвистикалық әдіс) әдісі. Аудиолингвистикалық әдіс 70 жылдардың  аяғына қарай қолданысқа енді. Бұл әдісте оқушы магнитофоннан немесе оқытушының айтқан сөздерін тыңдап, кейін бірнеше рет қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары  бейімделе бастайды.

Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.

Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың рөлі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.

Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.

Қазіргі таңда жаңаша оқыту әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер, аудио-бейне құралдар, кодоскоптар қолданылуда.

Компьютерлік технология- оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы.

  • Тыңдау, жаттау
  • Талқылау және т.б. тілдік дағдылары
  • Баяндау және сұхбаттасу
  • Диалог және монолог құру
  • Сұрақ - жауап
  • Үнтаспа, дискілер
  • Тындап -түсінуді арттыруға арналған тәсілдер

Көзі: native-english.ru


Кері қайту